І-жарты жылдық есеп » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2022

І-жарты жылдық есеп

Тамыз айында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын дайындап, директорға бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық жоспар жасалып, төмендегі жұмыстар жүргізілді.

Көмекке мұқтаж отбасының балаларына 01.08.2021 жылы бастап 27.08.2021 ж дейін  " Мектепке жол акциясы " жүргізілді. Жалпы «Мектепке жол акциясы» бойынша   оқушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып 22 оқушыға ата-аналардың, демеушілердің, қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бегімбетов Гани ұйымдастырумен көмектер көрсетілді.

Сынып жетекшілермен бірлесе отырып сыныптың әлеуметтік жағдайына байланысты әлеуметтік паспорттары алынып,мектеп оқшыларының әлеуметтік паспорты жасалды.  2021-2022 оқу жылында 1 тоқсанда 0-11 сыныпта оқушы саны 759, 1-11 сыныпта 690 оқушы болды.    1-11 сынып оқушылары арасында жартылай жетім 30 оқушы, тұл жетім 1 оқушы, толық емес отбасы балалары 36,атаулы әлеуметтік көмек алатын   27 оқушы,  көпбалалы отбасынан шыққан 291 оқушы, азаматтығы жоқ  8 оқушы, ата-апасымен,туысымен тұратын  15 оқушы, өгей ата-анасымен тұратын  12 оқушы анықталды. 

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары білім бөліміндегі бас маман Зарина Курманбековаға есепке алынып, базаға тіркелді. Оқушыға 2.09.2021 жылы тұрмыстық жағдайымен танысып,  комиссия мүшелері  ДТЖО Қ.Тоқбаев, педагог психолог А.Ченарбекова, сынып жетекшісі А.Нурсагатова   және әлеуметтік педагог АКТ жүргізді. Осы АКТ-ні аудандық білім бөлімі бас маманы және қамқоршылық органдарына психолог А.Ченарбекованың балаға берген анықтамасымен бірге апарып баланың тұрмыс жағдайы жайлы есеп берілді. 

«Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен бөлінген ақшаға 2021-2022 оқу жылында   57 оқушы, жалгер есебінен 6 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.   Әлеуметтік жағдайына байланысты АӘК алатын 23, тұрмыс жағдайы төмен 2,жетім 1,көп балалы 26,жартылай жетім 10, толық емес 1 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және сапасын бақылауды мектеп медбикесі, директордың                                               тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог,сынып жетекшілері жүзеге асырады.Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі А.Исмаилова және   әлеуметтік педагог А.Дюсенова және А.Тоқтасын бақылап отырды. 

Үйден оқитын 6 оқушыға қыркүйек айында   мемлекет есебінен комиссия мүшелері қатысуымен, қол қоюымен  ноутбук,роутер вайфаймен қамтылды. Ата-аналар бұзылған,құлатып алған жағдайда өздері жауап беретіндігін айтып,қолхат жазып берді. 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларына  медициналық қобдишалармен 17 оқушы қамтамасыз етілді.

Аудандық білім бөліміне жетім оқушының  қамқоршысының бала үшін жұмсаған қаржысының 6 айда  жұмсаған ақшасы жайлы есеп берілді.

Психологпен бірлесіп толық емес отбасы балаларының пед картасы толтырылып баланың жағдайын бақыладық. 

1 сынып оқушыларының «Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау» үшін мұғалімдермен оқушылармен, ата-аналармен психологпен бірлесіп әңгіме жүргізілді. Қорытындысы қазан айының 21 жұлдызында педагогикалық концилиумда талқыланды

Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әлеуметтік жағдайы бойынша жетім,жартылай жетім,тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасынан  шықан 35 бала қыстық курткамен қамтылды.

Аудандық білім бөлімінен   7-9 сынып оқушыларын іріктеп Түркістан облысындағы Балдаурен  Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберу туралы бұйрық келді. Бұйрық бойынша кезектен тыс ата-аналар жиналысында  мектебімізден белсенді оқушыларды ұсынып, 1 оқушыны жіберу туралы шешім қабылданды. Аудандық бұйрықты негізге ала отырып 03.11.2021ж мектепішілік бұйрық шығарылып   9 сынып оқушысы Ахметов Абылайхан 8.11.-27.11. аралығында демалуға жіберілді. Барлық құжаттарын мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог,сынып жетекшісі реттеп, аудандық білім бөліміне тапсырылды. 

 ЖБББ қоры есебінен  берілген куртканың кіріс шығыс есебі,хаттама,бұйрығы  аудандық білім бөліміне тапсырылды.Сынып жетекшілер жиналысында әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-анасымен үнемі байланыста болу керектігі ескертілді. Әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер алынды. Үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен логопед, педагог-психолог,әлеуметтік педагог кездесіп қандай көмектер керектігі жайлы сұрап, үйін аралап, тұрғын жай актісі жүргізілді.

Ыстық тамақтың уақытылы берілуі әлеуметтік педагогтің үнемі бақылауында. Күнделікті бекіткен ас мәзірі бойынша тамақ беріледі. Тамақтың сапасы, мөлшері ас мәзірінде көрсетілген өлшемге сай. Асханадағы тазалық талапқа сай. Құралдарда белгілер бар.Оқушылар күнделікті ыстық тамақты уақытында ішіп отырады. Асханада дұрыс тамақтану әдебі сақталған.

Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әлеуметтік жағдайы бойынша жетім,жартылай жетім,тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасынан  шықан 35 бала комиссия мүшелерінің қатысуымен  қыстық аяқ киіммен қамтылды. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әлеуметтік жағдайы бойынша 35 бала әрқайсы 10 қалың дәптермен комиссия мүшелерінің қатысуымен қамтылды. Және ЖБББ қоры есебінен  берілген аяқ киімнің кіріс шығыс есебі,хаттама,бұйрығы   аудандық білім бөліміне тапсырылды

Директор жанындағы кеңесте аудан әкімі шыршасына жіберілетін оқушыларды тізімі қатысушылардың ұсынысы негізінде жинақталып мектебімізден 2 оқушыны жіберу туралы шешім қабылданды.

Қыркүйек-желтоқсан айларында  «Менің Атамекенім» порталы көмегімен «Балаларға қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша Кішішыған ауылының тұрғыны Серекбаева Айнұрдың демеушілігімен мектебіміздің 3 оқушысының отбасына көмек көрсетілді. Шапағатов С.Т демеушілігімен үйден оқитын оқушы отбасына азық-түлік берілді.

2021-2022 оқу жылында жаңа жыл мерекесіне орай  «Балаларға қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша Жангельдинова Б.С демеушілігімен үйден оқитын оқушылар: 1сынып  Мақсатқызы Еркежанға, 4сынып  Еркінбек Мағжанға, 6 сынып Курбанов Рахмитулламға, 9 сынып Жорабаев Нұржанға 10 сынып Нұрлан Анельге, Ташмамет Ершатқа үйлеріне аяз ата, ақшақармен барып жаңа жылдық сыйлықтар,тәттілер табыс етілді. Ибраимкулов Е. А демеушілігімен мектебізден көп балалы, толық емес отбасынан 5 балаға жаңажылдық тәттілер тарту етілді. 

28.12.2021 аудан әкімі шыршасының жаңа жылдық сыйлықтары 2 сынып оқушысы Ниязахунов Дамир мен 7 сынып оқушысы Қанапия Бекасылдың үйіне   аяз ата, ақшақармен барып табысталды. 




     Әлеуметтік педагог             А.А.Тоқтасын

                                             А.А.Дюсенова