Мектеп әкімшілігінің қызметтік бөлісу кестесі » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп әкімшілігінің қызметтік бөлісу кестесі
11
март
2022

Мектеп әкімшілігінің қызметтік бөлісу кестесі

Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



                                                              Лауызымдық міндет


      Мектеп директоры  Д.М.Ашкиев

  • Мектептің барлық жұмысына басшылық жасауға; 
  • Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына және оның сапасына;
  • Оқушылардың денсаулығын сақтауды және оның өмірінің қауіпсіздігіне ;
  • Мектептің шаруашылық, қаржылық мәселесіне;
  • Педагог кадрлардың біліктілігін көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға;
  • Журналдарды тексеру KUNDELIK.kz; (9,11 сыныптар);
  • Пәндердің оқытылу деңгейіне ;
  • Мемлекеттік білім стандартының орындалуына;
  • Оқушылардың білімі мен дағдыларды бақылаудың обьективтілігін жүзеге асыруға;
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын нығайтуға ;
  • Оқушылардың кәсіби бейімделуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға ;
  • Еңбек заңдылығына және мектеп жұмысына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерінің шеңберін белгілеуге; 
  • Ата-анамен, жұртшылықпен, демеушілермен жұмысты ұйымдастыруға;
  • Мектептің психологиялық ахуалын жақсартуға ;
  • Еңбек тәртібінің санитарлық – гигиеналық режимінің сақталуына,  еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге ;
  • Білім беруді басқару органдарының алдында есеп беруге ;
  • Ата-ана, жұртшылық қоғамдық ұйымдар алдында білім беру өкілі ретінде болуға;
  • Тікелей басшылықты жүзеге асыра отырып, алқалық әдістерді қолдануға;
  • Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтуға;
  • Мамандарды таңдау және қабылдауға;
  • Мектеп қызметкерлерінің еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға;
  • Мектептің жылдық жоспарын жасауға міндетті ;
  • Тарификацияны жасауға;
  • Қаржылық құжаттарды заңға сай жүргізуге, заңға қайшылық болған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылуға
























                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев




Лауазымдық міндет


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Ибраимкулов,  З.С.Оспанова

  • Тарификацияны жасауға; 
  • Мұғалімдер кезекшілігін жасауға; 
  • Сабақ жоспарын күнделікті сабақ жоспарын тексеру;
  • Еңбек нормаларының сақталуына;
  • Мектепте оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға ;
  • Журнал тексеруге, KUNDELIK.kz; 
  • Мектеп сайтын қадағалау, жүргізу.
  • Оқыту сапасына және оқушылар біліміне;
  • Оқу- тәрбие процесі бойынша есеп беруге;
  • Ағымдық және стратегиялық жоспар жасауға;
  • ҰБТ – ге 11 сыныптарды даярлауға;
  • Мектепішілік бақылауды өз мәнінде жүргізуге;
  • «Білім туралы» заңының орындалуын бақылауға;
  • Аптасына 8 сабаққа қатысуға (6 сабақ+2 сабақтан тыс іс-шара);
  • Оқушылардың тасымалдауына;
  • Оқу тәрбие орынбасары кеңесі жұмысын жүргізуге
  • Сабақта пән мұғалімдерінің техника қауіпсіздігінің сақталуына
  • Оқушыларды жалпылама оқуға тарту бойынша жұмысқа басшылық жасауға
  • Табель жасауға
  • Оқыту сапасына және оқушылар біліміне жауапты 
  • Ағымдық және стратегиялық жоспар жасауға
  • Мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты
  • Мектепте сеть жасауға, сыныпты комплектілеуге
  • Мұғалімдердің апталық жүктемесін жасауға 
  • Сынып жұмыстарының өтілуіне (тест, бақылау, шығарма, диктант, практикалық сабақ, лабораториялық жұмыс т.б)
  • Мұғалімге пән бойынша білім сапасы мониторингін жасауға (БЖБ, ТЖБ)
  • Мұғалімдердің сабақ жоспарын тексеру;
  • НОБД статистикасын қарау 
  • Онлайн мектеп Bilim land білім порталдарына жауапты 
  • Мұғалімдердің вертуалды кабинетін қарау; 
  • Сабақта пән мұғалімдерінің техника қауіпсіздігін сақталуына



















                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев





Лауазымдық міндет


Директордың әдістемелік-иновациялық істері жөніндегі орынбасары А.Б.Илипова 

Міндеттері:

-   Мұғалімдердің оқу жоспарының әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауына

- Сабақ жоспарының әдістемелік талапқа сай жазылуына

- Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмысына

- Педкеңес материалдарын дайындауға

- Білім технологиялары бойынша білім сапасына

- Кабинеттердің пән бойынша әдістемелік безендірілуіне 

- ОПТ зерттеу, жинақтау, тарату, ендіру жұмысына

- Жас мамандармен жұмысқа

- Жаңа келген  мамандармен жұмысқа

- Әдістемелік іс-шараларға /семинар, конкурс, консилиум, дөңгелек үстел т.б/

- Педагогикалық кадрларды аттестаттау жұмысына қатысуға

- Курстан өтуді ұйымдастыруға

- Мұғалімдердің өздік білім көтеру жұмысына 

- Дарын, Кіші ғылым Академиясы, Ақбота т.б.жұмыстарына

-Шығармашылықпен  жұмыс істейтін мұғалімдерге жұмысқа;

-Әдістемелік кеңес жұмысына;

-Тамыз маслихаты жұмысына;

-Педагогикалық технологияларды енгізуге;

-Мұғалімнің шығармашылықпен және кәсіби өсуінің мониторингін жүргізуге;

-Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстыруға;

-Педагогика ғылымындағы озық педагогикалық еңбектермен таныстыруға;

-Мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына тәрбиелеуге ;

-Пед.кеңеске, әдістемелік кеңеске материал дайындауға;

-Мұғалімдерге инновациялық жұмысты  жоспарлау және оған басшылық жасауға;

-Ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмысына анализ, мониторинг жасауға;

-Ағымдық, кешендік т.б. жоспарлар жасауа; 

-Аптасына 8 сабаққа қатысуға;

-Жыл мұғалімі байқауын өткізуге;

-Мамандарды қабылдау жұмысына;

-Мұғалімдердің апталық жүктемесін бөлуге;

-Пәндер кураторлығына;

-Психологиялық микрокиматты сақтауға;

-Мұғалімдердің  сабақ жоспарын тексеру;

-Мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыруға;

-Оқу бағдарламасының орындалуына;

-Оқыту сапасына және оқушылар біліміне жауапты;

-Ағымдық және стратегиялық жоспар жасауға;

-Мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты;

-Жоспарлы бағдарламасы бойынша мұғалімдер жұмысын реттеу;

-Мектеп директорын ауыстыруға;

-Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінің жүргізілуіне басшылық жасау;







                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев





Лауазымдық міндет


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Б.Тоқбаев, Ж.Қ.Садыкова

Міндеттері:

  • Сынып жетекшілердің жұмысына басшылық  жасауға ;
  • Мектептегі тәрбиелік іс-шараларды өткізуге ;
  • Сабақтарға қатыса отырып, олардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын анықтауға, анализ жасауға;
  • Мектептегі мерекелік, спорттық іс-шараларды өткізуге ;
  • Тамыз мәслихаты жұмысына;
  • Девианттық мінез құлықты балаларды есепке алу, олармен тиісті жұмыс жасауға;
  • Салауатты өмір салты бойынша жұмыс жүргізуге;
  • Оқушылардың мектепте техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауына;
  • Ауыл әкімімен бірлескен жұмысқа қатысуға;
  • Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуге;
  • Эстетикалық тәрбие жұмысын жүргізуге;
  • Мерекелік сынып сағаттарының өткізілуіне;
  • Тәрбие сағаттарына қатысу (аптасына 6 сағат)
  • Тәрбиелік - әдістемелік жұмысқа ;
  • Жас мамандарға тәрбие жұмысын ұйымдастырудыүйретуге;
  • Сынып жетекшілер бірлестігі жұмысына;
  • Жетім балалармен жұмысқа;
  • Жалпылама оқуға тарту қорының жұмсалуын қадағалауға;
  • Ата-аналар комитетінің жұмысы, жалпы ата-аналар жұмысы;
  • Ата –аналар лекториясы жұмысына психологиялық  микроклиматты сақтауға;
  • Мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты;
  • Оқушылармен сабақтан тыс жұмыстар жүйесін жасауға;
  • Жолда жүру азаматтық қорғаныс, өрт сөндіруші жас достар ұйымы жұмысына;
  • Қиын балалармен жұмыс жасауға ;
  • ИДН қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауға;
  • Денсаулығы нашар оқушылармен жұмысқа ;
  • Психологиялық микроклиматты сақтауға;













                                              Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



Лауазымдық міндет


Директордың әскери- патриоттық  ісі жөніндегі орынбасары Е.Утегенов

Міндеттері 

  • Мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмысқа;
  • Мектептегі саяси, патриоттық жұмысқа; 
  • Оқушылардың әскери даярлығына оқушылардың президенттік тестін тапсыруына;
  • Әскери-патриоттық кабинет жұмысына;
  • Әскери-патриоттық конкурс, жарысқа қатысуға;
  • Соғыс ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыруға;
  • Мектепте патриоттық тәрбиені ұйымдастыруды бақылауға;
  • Ұлдар жұмысын ұйымдастыруға;
  • Азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыруға;
  • Оқушылардың жолда жүру ережесін сақтау жұмысына ;
  • Мектепте психологиялық микроклиматты сақтауға;
  •  Мектептің ішкі ережесінің сақталуына жауапты;



















                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                   Д.М. Ашкиев


Лауазымдық міндет 

Педагог.-ұйымдастырушы  А. Қальшаева

Міндеттері :

  • Мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмыс;
  • Мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне;
  • Мектептен тыс мерекелерге қатысу;
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жоспарлау;
  • Мектептегі  ер балалармен, қыз балалармен жұмыс;
  • Оқушылар комитетінің жұмысы;
  • Оқушылар комитетінің кезекшілігіне;
  • Жалпы мектепішілік мерекелердің өткізілуіне;
  • Ата-аналардың сабаққа қатысуын  қадағалау;
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;
  • Оқушы жастар ұйымы жұмысына;
  • Оқушылардың өзін-өзі басқаруы;
  • «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс;
  • «Жастар» ұйымы, «Қазақстан балалары» бағыттарымен жұмыс;
  • Темекіге қарсы күрес;
  • Лездемелер өткізу, 1-4 сыныптардың тәрбие кураторы, 1-4 сынып күнделігін қадағалау;
  • Мектептептің микро-психологиялық климатын сақтауға міндетті;















                                           Бекітемін 

Мектеп директоры                    Д.М. Ашкиев


Лауазымдық міндет

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары  Б.Жартыбаев

Шаруашылық меңгерушісі Е.Ибраимкулов

Міндеттері:

- Мектепте материалдық-техникалық базаға толық жауап береді;

- Материалдық жауапкершілікті толық өз мойнына алады; 

- Уақытымен мектеп әкімшілігіне мектеп мүлкі туралы хабар беруге;

- Мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастыруға;

-Мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс  істеуіне;

-Мектептің психологиялық-моральдік климатын сақтауға;

-Кабинеттердегі мүлік ерді тексеруге, қабылдауға;

-Қазандықтардың дұрыс жұмыс жасауына;

-Сұйық отынның үнемді жұмсалуына;

-Сұйық отынды қабылдау әрі оның сақталуына  қатаң түрде жауапты;

-Келісім шарттармен айналысуға ;

-Финанстік қаражаттың заңсыз іс- әрекет болған жағдайда  қылмыстық жазаға тартылатыны ескертіледі;

- Мектеп күзетшілерін тексеруге;

-Кабинет кілттерін түгендеп тексеруге;

-Вахтерлардың қызметкерлерінің дәптерлерін тексеруге;

-Кабинеттердегі тазалыққа керекті құрал- жабдықтарды  қатаң қадағалауға;

-Мектептің материалдық мүлкін сақтауға, оның сынуы, жоғалу, бұзылуына жол бермеугне;

 -Мектеп тазалығына;

-Мектепте техникалық қауіпсіздік үшін жауап беруге;

-Кіші қызметкерлер (тех.персонал) жұмысын бақылау;

-Кіші қызметкерлердің (тех.персонал)табельін жүргізу;























                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев





Лауазымдық міндет


Әлеуметтік-педагог  Тоқтасын Ақпейіл , Дюсенова Айжан 

Міндеттері:

  • Баланың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу;
  • Оқу-тәрбие және қарым-қатынасқа қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық  көмекпен қамтамасыз ету;
  • Оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау;
  • Жағдайы төмен, аз қамтылған отбасларына    көмек   көрсету;
  • Баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу;





















                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



Лауазымдық міндет

Логопед   М.Б. Усканбаева 

Міндеттері:

  • Сөйлеу тілі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу    арқылы 

            баламен   жүргізілетін жеке дамыту бағдарламасының құрылымын жасақтау, 

            баланың диагнозын нақтылау, сөйлеу тілінің және танымдық қабілетінің

            ерекшеліктерін анықтау;

  • Тексеруден өткен балаларды  сөйлеу тілі бұзылысының  дәрежесі мен құрылымына сәйкес  құжаттарын дайындау;
  • Балалардың сөйлеу тілі   бұзылысы  бойынша  қызметіндегі өзгерту шамаларын қалпына келтіру үшін түзету-дамыту мақсатында   жеке-топтық  жұмыстар жүргізу;
  • Әрбір баланың   сөйлеу тілі бұзылысын, жас ерекшеліктерін,психофизикалық даму мүмкіндіктерін  ескере отырып, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • Баланың  сөйлеу тілінің бұзылысының  ерекшеліктерін бағалау, сөйлеу тілі дамуының  деңгейін анықтау,жеке оңалту  бағдарламасын  жасау;
  • Сөйлеу тілі бұзылған балаларды  оқыту мен тәрбиелеу процесін әлеуметтік реабилитациялау мен оқытудың  оңтайлы құралдарымен қамтамасыз ету міндеттерін   шешу, баланың есту қабілетін   нығайтуға  бағытталған емдік-сауықтыру  жұмысын жүзеге асыру,балаларды  қоғамның  әлеуметтік – экономикалық  өміріне тартуға  қолайлы жағдай туғызу;
  • Сөйлеу тілі бұзылған   балаларды интеграциялық  оқыту мәселесі бойынша білім беру қызметкерлеріне   ұйымдастырушылық –әдістемелік көмек көрсету;
  • Сөйлеу тілі бұзылған балаларды  оқыту мен тәрбиелеудегі  реабилитациялық  және коррекциялық –педагогикалық  міндеттерді шешуге ата-аналарды қатыстыруда жүйелі жұмыс жүргізу;
  • Логопедиялық білімді сөйлеу тілі бұзылған балаларға  деген ізгі қарым-қатынасты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;
  • Өз біліктілігін үнемі көтеріп отыру.















                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



                                                    Лауазымдық міндет


                    Мектеп  кітапханашысы   Б.Мұқашева

                   Міндеттері:

  • Мектеп қорындағы кітаптардың сақталуына;
  • Материалдық финанстық жауаптылыққа;
  • Әдістемелік бұрыштар ұйымдастыруға;
  • Оқушылармен, мұғалімдермен конференциялар,семинарлар т.б. өткізуге, көрмелер ұйымдастыруға;
  • Әр сынып бойынша оқулықпен қамтамасыз етуге;
  • Газет-журналдарға жазылуға;
  • Мұғалімдердің баспасөзге жазылуына;
  • Финанстық-қаражатты құжаттарды жұмыс жүргізуге;
  • Заңға қайшы финанстық-қаражаттарға сәйкес жүргізген уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі;







































                                                 Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



Лауазымдық міндет 


Мектептің   іс -жүргізушісі  Г. Салденова

Міндеттері:

-Мектептің негізгі қызмет, негізгі құрам бойынша бұйрық кітаптарын жазу, папкаларын реттеу, тіркеу;

-Аттестат, куәліктердің   берілуіне қадағалау, журналдарын толтыру, тіркеу;

-Мектептің кіріс, шығыс журналдарын толтыру, тіркеу;

-Мектеп ұжымының келісім шарттарын жасау,тіркеу;

-Мектеп ұжымының еңбек кітапшаларын толтыру үшін жауапты;

-Жоғалған аттестаттар мен куәліктердің дубликаттарын жасатуға жауапты;

--Жыл сайынғы мектеп журналдарын архивтендіру, актілерін тіркеу;


Мектеп хатшысы К.Сулейманова

Міндеттері:

-Келген-кеткен оқушыларды тіркеу, анықтамаларын жинақтау, анықтама беру;

-Мұғалімдер мен оқушыларға берілетін анықтамаларды  тіркеу, толтыру,берілуін қадағалау;

-Алфавиттік кітапты жүргізу;

-Оқушылардың бұйрық кітабын жазу және папкаларын реттеу, тіркеу;

-Оқушылардың сынып бойынша құжаттарын тексеру, реттеу;

-Номенклатуралық тізім бойынша папкаларды  реттеу, тіркеу жұмыстары;
































                                               Бекітемін 

Мектеп директоры                  Д.М. Ашкиев



Лауазымдық міндет



 Мектеп психологтары:  А.Ченарбекова,   А. Дүйсен,   Ж.Нұрпейсованың  міндеттері:

  1. Мектеп психологы оқушылардың және мектеп қызметкерлері ұжымының ауыз бірлігін және ұйымшылдықты сақтау мақсатында жұмыс істейді;
  2. Өз жұмыстарында психолгия ғылымдарының ғана ілімін пайдалануы тиіс/жаңашыл психодиагностика саласында,дамымалы ,психокоррекциялы және профилактикалық жұмыстар бойынша/.
  3. Кәсіптік деңгей бойынша педагогикалық ұжымға психолого-педагогикалық көмек беруге міндетті;
  4. Өз жұмысында медициналық деңгейіндегі көмектерді көрсетуге тиым салынады/ гипноз,медитативтік техника,фармокологиялық  дәрі –дәрмектер/.
  5. Әр аптаның дүйсенбі күні бір аптада істеген жұмыстың қорытындысын анықтама түрінде жазбаша түрде мектеп директорына өткізіп отыруға міндетті.
  6. Психологиялық білім жетістіктерін білуге міндетті.Өз жұмысын психология жетістіктерін біле отырып ұйымдастырады.
  7. Мектеп ұжымына және оқушыларға  жұмыс барысында педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктерді пайдалануға толық  мүмкіндік беруге міндетті;
  8. Мектеп ұжымына олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің өсуіне, кәсіптік қасиеттерінің психологиялық білімдерінің жетілуі үшін ағарту жұмыстарын жүргізуге міндетті;
  9. Аттестатция жұмысында педұжым мүшесіне психологиялық мінездеме береді, аттестатция жұмысына толық қатысуға міндетті;
  10. Қызметкерлердің жеке қасиеттерін ескере отырып мамандарды қабылдау және бекіту жұмыстарына қатысуға міндетті;
  11. Мекеп ұжымының жұмысына және кәсіпкерлердің іс-әрекетіне динамикалық тұрғыда олардың өсуіне бақылау жасауға міндетті/        қайталанған тест жұмыстарын жүргізуге, жұмыста және үйдегі іс-әрекетіне анализ жасауға/;
  12. Қызметкерлерді өзін-өзі басқару және даму жолдарының білімін жетілдіруге міндетті;
  13. 0,1 кластарды мектепке қабылдау кезінде психологиялық тест алу арқылы сараптама жасауға міндетті;
  14. Қиын оқушылармен жұмыс жасауға міндетті;
  15. Класстағы ұжымның микропсихологиялық климатын зерттеуге міндетті;
  16. Класс жетекшілерге және ата-аналарға, пән мұғалімдеріне психологиялық кеңестер беруге міндетті;
  17. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге міндетті;
  18. Денсаулығы нашар оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге міндетті;
  19. Әкімшілік мүшелеріне арнайы кәсіптік тест жұмыстарын жүргізуге және сараптама жасауға, кеңес беруге міндетті;
  20. Оқушылардың ,мұғалімдермен ата-аналардың психологиялық сараптама жұмыстары  бойынша        ақпараттарды құпия сақтауға, мектеп директорына ғана ақпарат беруге міндетті.
  21. Педкеңес, директор жанындағы отырыс, әдістемелік кеңестерге қатысуға міндетті;
  22. Мұғалімдердің сабақтарына , тәрбие сағаттарына , ата-аналар жиналысына аптасына 2 күн қатысуға  міндетті;
  23. Мектепте  қызметкерлер, ата-аналар, оқушылар арасындағы  конфликтілі жағдайларды шешуге міндетті;
  24. Қажетті жағдайда мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен жекелеген коррекциялық жұмыс жүргізуге міндетті;
  25. Жұмыс уақыты  таңғы  8.30 -18.00. аяқталады. Бейсенбі  -        әдістемелік күн.
  26. Мектеп психологы мектеп директорына бағынады,        жұмысы барысында есеп беруге міндетті.
  27. Мектеп ұжымының психологиялық микроклиматын сақтауға;
  28. Қазақстандық патриотизм тұрғысында жұмыс жүргізуге;
  29. Мектеп, ауыл, аудан, облыс өңiрiнде қоғамдық жұмыстармен iс-шараларға қатысуға;
  30. Мектептен тыс жерде мектепке қатысты мектептiң iшкi жағдайы туралы мәлiметтердi жарияламауға ҚР «ЕТЗ»-26 ст.п 12 б. 
  31. ҚР өкiметiнiң саяси идеологиясын халыққа дұрыс насихаттауға;
  32. Мемлекеттiк қызметкерлердiң тәртiбi мен әдептерiн /этикасын/ сақтауға;
  33. Қатаң түрде ҚР «Еңбек туралы заңын»сақтауға мiндеттi.    
  34. Мемлекеттік тілде сөйлеуге  және іс-құжаттарды жүргізуге
  35. Мектепте қызметкерлермен жұмыс барысында әкімшіліктің әдептілігін сақтауға;
  36. Қызметкерлермен  жұмыс барысында жеке бастың теріс мінездерін көрсетпеуге/кекшіл болмау, сөз және қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,әділетті болу,ұлтына жынысына,руына,жасына қарай бөлмеу тб/
  37. Мектепте  ұлтаралық  татулықты сақтау,ұлтқа бөлмеу.
  38. Мектеп әкімшілігі арасында ауызбірлікті сақтауға,басқалардың ойын сыйлауға және онымен санасуғаміндетті.
  39. Мектеп директорының бұйрығын және тапсырмасын уақытында біліктілікпен дұрыс орындауға ,оған жауапкершілікпен қарауға міндетті;
  40. Аудан,облыс,министірліктің білім бөліміне қатысты  бұйрығын және тапсырмасын уақытында біліктілікпен дұрыс орындауға ,оған жауапкершілікпен қарауға міндетті;
  41. Рұқсатсыз  мектеп  әкімшілігінің өзіне тән емес міндеттерін орындауға ,басқалардың жұмысына кедергі жасауға қатаң түрде тиым салынады.
  42. Аудандық білім бөлімінің бұйрықтарымен нұсқауларын мүлтіксіз орындауға міндетті.