оқу әдістемелік қорытынды » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

оқу әдістемелік қорытынды

« Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » кмм

2022-2023 оқу жылында оқу- тәрбие процесінің әдістемелік жұмысының 

1 –тоқсан қорытындысы


            Мектептің бекітілген сапалық құрамы негізінде 2022-2023 оқу жылын- 78 мұғаліммен бастадық. Оның ішінде: зейнеткер жаста мұғалім жоқ, декреттік демалыста- 6  мұғалім.

 Сапалық құрам білім деңгейі бойынша:  

жоғары білімді – 77мұғалім, магистр дәрежесінде -2 мұғалім,  аяқталмаған жоғары білімді- 1  мұғалім. 

Біліктілік санат бойынша:   

жоғары санат- 2, зерттеуші- 3, 

І санат- 3, сарапшы-29, 

ІІ санат- 6, модератор-15, 

 санатсыз- 19 мұғалім.

Педагогикалық еңбек  өтілі бойынша: 

1-4 ж дейін- 24 мұғалім;

5-10 жыл арасында -24 мұғалім;

11-20 жыл арасында -30 мұғалім;

21-30 жыл арасында -17 мұғалім; 31 жылдан жоғары- мұғалім бар. 

Біліктілік арттыру курсы бойынша: 

Деңгейлік курсты меңгерген-11 мұғалім;

Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгерген- 70 мұғалім 

Қысқа мерзімді курсты меңгерген-46 мұғалім. 


Педагог мамандардың білімін жетілдіру


Мектепішілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.

1 тоқсанда  педагогтар кестеге сәйкес онлайн, офлайн режимде  оқыту винарларына,   білім жетілдіру курсына  тұрақты  қатысты.  

       Тарих пәнінің мұғалімі Анадуллаева Л.М. 06.06-24.06.2022 жылы  аралығында ПШО-да  «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»  тақырыбында  120 сағаттық   курстан өтті. 

 7-10 тамыз 2022 ж. «Umtyl Academy» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мәртебелі ұстаз» атты семинарға 50 мүғалім қатысып, сертификатталды. 

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімдері 2022 жылдың 01.08-12.08  аралығында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтердің базалық және пәндік құзіреттіліктерін дамыту (5-9сынып) біліктілікті арттыру курснан өтті. 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исабекова Н.А. ПШО орталығы өткіген "Solt skills" - тиімді кәсіби дағдылар 2академиялық сағат көлеміндегі вебинар топтамасына 19-20 қазан  қатысып, сертификат алды.


Пән мұғалімдерінің  тәжірибе таратуы

1. «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагогтарының 2021-2022 оқу жылында жарияланған 100 үздік мақаласы» атты республикалық шығарылымның «Үздік зерттеуші ұстаз-2022» номинациясы бойынша I орын алғандығы үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Т. Балғабекова  1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 2.   «Мұғалім мерейі»  республикалық ақпараттық-танымдық педагогикалық журналының 2022 жылғы №14 санына Ш.А.Сулейманованың «О.Бөкейдің «Атау Кере» повесіндегі автор идеясы мен өмір шындығы» атты мақаласы жарияланды. 

3. 2022 жылдың   қазан айындағы «География және тарих» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдың №10 (117) кезекті басылымында «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар»  тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Бимурзанова К.Б.  сабақ жоспары  жарияланды. Тіркеу номері №471, 2022 жыл. 

2022 жылы қазан айында «География және тарих» атты Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналдың №10 санына « Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбындағы тарих пәнінің мұғалімі Анадуллаева Л.М.  сабақ жоспары жарияланды. «USTAZ tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығының сайтында оқу әдістемелік материалы жарияланды.

 17 қазан 2022 ж. республикалық "Білім әлемі"журналына Тишибаева Г.С. "Химияны оқытудың жаңа жолдары " тақырыбындағы мақаласы жарияланды.




Педагог мамандарды аттестаттау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   министрлігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы  № 561  бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын   іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым  саласындағы   басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан  өткізу қағидалары мен шарттары» Ережесіне сәйкес   Панфилов ауданының білім бөлімінің  29 тамыз 2022 ж № 311 бұйрығына сәйкес  физика пәнінің мұғалімі Акишев Д.М. зейнеткерлік жасқа екі жыл қалуына  байланысты қолданыстағы жоғары біліктілік санаты сақталды. 28 тамыз 2022 ж № 111 мектепішілік бұйрық негізінде  мұғалімнің қолданыстағы санаты ұзартылып,мұғалімнің санаты педагог санатына төмендетілді.


Мұғалімдердің пәндік апталық, онкүндік, айлықтарға қатысуы

 1.Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында «Ұлтымның ұлы ұстазы» тақырыбында Тілдер айлығы  2022 жылдың 05-22 қыркүйек аралығында   өткізілді. Тілдер айлығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес  түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды.


Тақырыбы 


Мерзімі

Нысаны

Сыныптар

Жауапты

1.

Ұлт тарихындағы ұлы тұлға

05.09.2022

Апталықтың ашылу салтанаты

1-11

Тіл мамандары

2.

«Ахаңның айшықты ойлары»

05.09.2022

 Онлайн-эссе


9-11

«Заңғар»пән бірлестігі

3.

«Ақынын қадірлеген еліміз бар»(өмірбаяны жайлы сұхбат беру)

5.09.2022

Кезбе сұхбат

1-11

Тарих пәнінің мұғалімдері

4.

« Тіл мәртебесі – ел мәртебесі  »

6.09.2022

Дебат

Жас мамандар

А.Н.Касенова

5.


Ақынымды таныдым

(«Оқуға құштар, үздік оқырман»)

6.09.2022

Ақын шығармалары кейіпкерлерінен сырттай сурет көрмесі

1-11

Кітапханашы

6.

«Жылдам тап, жылдамдат!»

(полиглот) 

7.09.2022


Интеллектуалды сайыс


8-9

Тарих пәнінің

Мұғалімдері

7.


«Язык-история и душа  народа»

08.09.2022

(конкурс сочинений,  эссе)

8-сынып

А.А.Ахатаева

8.

We love English

09.09.2022

Сайыс сабақ

4-сынып

Кенжебекова Сағыныш

9.

Countries and nationalities

08.09.2022


6-сынып

Құдайбергенова Жарқынай

10.

«40 мысалдың мәні мол»

(«Мектеп театры» аясында)

8.09.2022

Сахналық қойылымдар

5-11

Бастауыш сынып  пән мұғалімдері

11.

«Кім тапқыр?»

9.09.2022

Сұрақ-жауап

1-11

Бастауыш сынып  пән мұғалімдері


12.

«Язык-средство общения и дружбы народов

12.09.2022


(видеопрезент тация)


 М.К.Ордабаева

13.

Three languages is nowadays requestment

12.09.2022

Сыныптан тыс 

7-сынып

Н.А.Исабекова

14.

«Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!»

13.09.2022

Зияткерлік сайыс

7-сынып

Математика пәнінің мұғалімдері

15.

Furniture and Appliances

13.09.2022


5-сынып

К.Е.Касенова

16.

Why learning English is important?

14.09.2022

Сабақтан тыс сағат

8 «Б» сынып

Ғ.Б.Ниетбаева


17.

«День русского языка»

14.09.2022

Конкурс рисунков


С.С.Курманбекова

18.

Мерейлі мерейтой қарсаңында...

15.09.2022

Эстафета

бірлестік

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

19.

«День поэзии»

16.09.2022

Конкурс


Ж.Н.Керимбекова

20.

Тіл-татулық тірегі

16.09.2022

Сайыс

8-сынып

тар

«Жерұйық»  пән бірлестігі

21.

«Ұлтымның ұлы ұстазы»

16.09.2022

Қорытынды кеш

Мектеп ұжымы

Тіл мамандары























                    


















Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы

    2022-2023 оқу жылында 10-14 ақпан  аралығында  ағылшын тілі апталығы болып өтті. Апталық іс – шарасында үлгі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. 

    Касенова Кулемхан Ерасимовна 12.10.22 жылы ағылшын тілі апталығының  жоспарына сәйкес   7 «б» сыныбында «Social networking websites» атты үлгі сабақ өтті. Сабақ барысында ағылшын тілі пән мұғалімі КЕ..Қасенова «Social networking websites» тақырыбын оқушыларға түсіндірді. Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты  сын есімдердің орын тәртібі ,әлеуметтік сайттардың атауларымен таныстыру, қолданылу заңдылықтарын,жеке парақшамен жұмыс істеуді түсіндіру .  Сабақта   интерактивті тақта,презентация,видео кері байланыс,бағалау жұмыстары жүйелі жүргізілді, түрлі әдіс – тәсілдерді қолданды, көрнекіліктер эстетикалық талапқа сай болды. Слайд,видео арқылы оқушылар белсенді сөздерді жаттады, мәтін оқыды,сұрақтарға жауап беріп әлеуметтік сайттар туралы толық мағлұмат алды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып , сайттардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өз пікірлерімен бөлісті.

       Күтілетін нәтижелер: Оқушылар тақырып бойынша белсенді сөздерді біледі,берілген тақырып бойынша оқып-үйренген   лексика- грамматикалық материалды сөйлем құрастыруда дұрыс қолданады, әлеуметтік сайттардың

қолданылу заңдылықтарын,жеке парақшамен жұмыс істеуді үйренеді




   Исабекова Назира Абдрахманқызы 11 қазан 9 «Ә» сыныбында «A successful sport person» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, табысты спортшы туралы мәтінді түсіндіру; берілген тұжырымдарды мәтіндегі фактімен салыстыру.

Күтілетін нәтижелер:«A successful sport person»тақырыбы бойынша белсенді сөздерді біледі,берілген тақырып бойынша оқып-үйренген  лексика- грамматикалық материалды сөйленім құрастыруда қолданады, танымал спортшы және оның жетістіктері жайлы айта біледі. Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. Сабақ соңында «Blob tree»  бойынша оқушылар өздерін бағалады.

14 қазан  6 сыныптар арасында «Let’s search a treasure»  тақырыбында сыныптан тыс сайыс өтті. Мақсаты: Шығармашылық тапсырманы орындау барысында бұрын алған білімдерін жаңарту және қажетті ақпаратты табу қабілеттерін дамыта отырып, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

•ағылшын тілін үйренуге тұрақты оқу-танымдық мотивация мен қызығушылықты қалыптастыру; құрдастарымен қарым-қатынаста және ынтымақтастықта коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру; құрдастарымен оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру; әртүрлі пікірлерді ескеру және ынтымақтастықта әртүрлі ұстанымдарды үйлестіруге ұмтылу, бірлескен қызметте ортақ шешім әзірлеу; зерттелетін лексикалық-грамматикалық материалды қолдану. Сайыс 3 тапсырмадан тұрды. 

1-сайыс “Bind the sea knot”. (Теңіз түйінін байлау).

• Сөздерді жұппен сәйкестендіріңіз

Оқушылар берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастырады.

2-сайыс «Сөйлемді сөздерді дұрыс орналастырып жаз».

Командалар сөйлемді дұрыс сөз тәртібімен жазуы керек.

Командаларға сөздер беріледі, олардан сөйлем құрау керек; тапсырманың жылдамдығы мен дұрыстығы ескерілді.

3-сайыс «The best artist» («Үздік суретші» байқауы)

Мәтінді екі рет тыңдап, мәтінге сәйкес суреттерді салу керек.

Мұғалім мәтінді 2 рет оқиды. Оқушылар сипаттау бойынша сурет салды.

Сайыс қорытындысы бойынша 6 «А» сынып оқушылары жеңімпаз болды.           





Ниетбаева Ғалия Батырқанқызы апталық барысында  11 «Ә» сыныбында   «Endangered animals in Kazakhstan» тақырыбында үлгі сабақ болды. Сабақ басында оқушыларға   жануралар суреттері тарқатылып, әркім өзіне берілген жануарды ағылшын  тілінде   суреттеп , басқа оқушылар оларды бейнелеген сөздеріне қарап тауып шықты. Жануарлар туралы жұмбақтарды шеше отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздерінің   табуына  ықпал жасалды.  Оқушылар өздері топпен дайындаған шығармашылық жұмыстарымен танысырды. «Kazakhstan creates biobank of  rare and endangered animal species » бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян негізінде ойларын білдірді. Еліміздегі жоғалу қауіпі бар жануарлар туралы жаттығу жасады. Сабақ соңында кері байланыс берілді. Сабақта оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға арналған жұмыстар қамтылды.                                                                                                                          8  «А», «Ә»,   «Б»   сыныптары арасында  «We love learning English»   тақырыбында білім сайысы ұйымдастырылды. Сайыс алты кезеңнен тұрды:    1-Presentation                                                                                       

2-Vocabulary work

3- Listening 

4-Riddle 

5- Grammar exercise

6- Who is faster?

Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып,  әділқазылар шешімімен 8«Б» сыныбы жеңімпаз болды . Жеңімпаздар мен қатысушыларға   мақтау қағаздары  және арнайы сыйлықтар табысталды Көрермендер де ағылшын тілінде жұмбақтар шешіп, өз сыйлықтарын алды.  


 







      Кудайбергенова Жадыра Нурсапаевна12 қазан 5«А» сыныбында «Animal» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру, мәтінді оқыту, сөйлем құрастыру. Күтілетін нәтижелер: «Animal» тақырыбы бойынша - қысқаша көркем мәтіндерді қолдау арқылы оқу және түсіну, мұғалімнің көмегімен жануарлар туралы 1-2 сөйлем құрастыру. Сабақта Pre –readingReadingWhile-readingPost- reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында Brainstorming, Method Tarsia стратегиялары мен Flippity platform, Wheels platform платформалары қолданылды.

Сабақтың соңында «Wonder forest»  бойынша оқушылар өздерін бағалады. 

13 қазан аралығында 3 сыныптар аралығында «Happy English» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Мақсаты: ағылшын тілін оқу, әндер мен өлеңдерді және олардың жақсы айтылуын, екі тілде сөйлеу, тыңдау арқылы оқушының интеллектін, сөйлеу дағдысын дамыту. Балаларды зейінділікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, оқушылардың сөздік қоры көбейеді, есте сақтау қабілетін арттыру.

«Happy English» тақырыбында сыныптан тыс сабақ барысында оқушылар жыл мезгілдері, ай және апта аттары, ойындар, жануарлар туралы тақпақтар айтып, ән айтып би биледі. 









Джабикова Жадыра Ерболатқызы 14.10 .22 ж  8 ә cыныбында «Writing a review of а fashion show » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты : Сән шоуын қайталау арқылы  жазылым дағдысын арттыруда ағылшын тілінде мәліметтерді тыңдау, көру   және тапсырмаларды ссылкалар арқылы орындауда білімдерін шыңдау.   Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысты, амандасу, екі топқа бөлу , үй тапсырмасын тексеруде Круэла сән шоуының киносын көріп , киім үлгісінен постер арқылы топ болып қорғады , тыңдалым мен көру арқылы жаңа тақырыпты ашу, жаңа киім сөздерін қайталау ,үйрену, жазу. Кіріспе бөлімде « түрлі-түсті киімдерді кигізу» әдісі арқылы тапсырмада сөйлемді оқу арқылы сол киімді тауып жазу және сол түске бояу керек. 1 тапсырмада  жаңа киімдер сөздерді суреттер арқылы көріп есте сақтап, дыбыстары мен оқылуын айтқызу. “Fashion” әдісімен ссылка арқылы өз ұялы телефондарымен тапсырма орындады,жеке тапсырма 2 тапсырмада  мәтінді оқыды,жұптық жұмыс «T  or F » сөйлемдер арқылы оқушы шындық немесе жалған екенін жазу арқылы жауабын айтты. 3 тапсырмада  өз топтармен киімді фразалық етістіктермен аудармасын табу, ссылка арқылы ұялы телефонмен жұмыс жасалды . Сабақтың соңында парақша таратылып, сандық және сұраққа жауап жазу арқылы сабаққа кері байланыс берді. Рефлекция ойы бойынша стикерге жазып қапшыққа салды. Үй тапсырмаға өзінің арманындағы сән шоуына арналған эссе жазу берілді.

14.10 .22 ж   12:30 сағатта ағылшын тілінде тәрбие сабақ  “We are singers”өткізді. Мақсаты; шет тілінде ән айтуға қызығушылығын арттыру, өнерге деген қуштарлықты ояту. Ол тәрбие сабақта 10-8  сыныптар арасында сынып бойынша  ағылшын тілінде ән айту байқауы болды,сонымен қатар 10ә «My friends » 3 орын, 10 а «My school » 2орын, 8 а «Busy »  1 орындар мен 8 ә «Everything one » 8 б «Our world’s travelled»  марапаттар берілді. 








             Шапагатов Самат Талапханович 16.09.2022 жылы 5 «ә» сыныбында «Animals» атты үлгі сабағы болып өтті. Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты   жалғаулықтардың ,реттік сан есімдердің қолданылуын, жануарлардың атауларын түсіндіру. Сабақта   интерактивті тақта,презентация,кері байланыс,бағалау жұмыстары жүйелі жүргізілді, түрлі әдіс – тәсілдерді қолданды, көрнекіліктер эстетикалық талапқа сай болды. Слайд,видео арқылы оқушылар белсенді сөздерді жаттады, бөлме,үй жиһаздары туралы толық мағлұмат алды.Оқушылар сабаққа жақсы қатысып , өз білімдерін ортаға салды. Күтілетін нәтижелер: оқушылар тақырып бойынша белсенді сөздерді біледі,берілген тақырып бойынша оқып-үйренген  лексика- грамматикалық материалды сөйлем құрастыруда дұрыс қолданады. 



































Педагогтардың кәсіби байқаулары

"Жарқын"республикалық ғылыми-ақпараттық ,танымдық журналының ұйымдастыруымен өткізілген үздік ізденімпаз ұстаздар байқауында білім беру үрдісіне жаңашылдықтарды еңгізгені үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исабекова Н.А. 1 орын алып,дипломмен марапатталды.


Дарынды  балалармен жұмыс

Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіру, интеллектісін дамыту, шығармашылыққа баулу арқылы жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында мектепте «Дарынды зерттеушілер»  ғылыми қоғамы құрылды.  ҒҚ жылдық жоспарына сәйкес ғылыми жетекшілер дарынды оқушыларды түрлі байқауларға қатыстыруда. 

Аудандық «Дарын» ғылыми зерттеу жұмысына –  3 оқушы тіркелді, аудандық «Зерде» ғылыми зерттеу жұмысына 2 оқушы тіркелді.  

    «Izdenis» республикалық оқытушылар мен оқушылар порталы ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық «А.Байтұрсынов атындағы олимпиадасына» қатысқан 9 «А» сынып оқушылары Хусаинова Аида I дәрежелі,Нұрдаулет Дінмухамед III дәрежелі,Юсупкан Алишер III дәрежелі дипломмен, жетекшісі Ибраимкулова Назгүл Тоқтасынқызы Алғыс хатпен марапатталды. 

«Ақберен» республикалық өнер байқауының 2-облыстық кезеңінен 10 «Ә» сынып оқушысы Мусахан Ескендір алғыс хатпен марапатталды.

«Izdenis» республикалық оқытушылар мен оқушылар порталы ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық «А.Байтұрсынов атындағы олимпиадасына» қатысқан Ә.Барат I дәрежелі дипломды,Д.Нұрәділ II дәрежелі дипломды иеленді.Жетекшісі Садыкова Г.А. Алғыс хатпен марапатталды. 5 «А» сынып оқушысы-Исламғазы Мералы II дәрежелі дипломмен, Дүйсенғали Т. III дәрежелі дипломмен,жетекшісі Ажинурова А.Қ. Алғыс хатпен марапатталды.

  Обылыстық   Әбіш оқуларының II облыстық кезеңінен «Ғылыми жоба» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Құрманбай Мархаба Алғыс хатпен марапатталды.Жетекшісі Балғабекова Р.Т.

      25 қазан-Республика күні қарсаңында мемлекетттік тілдің қолдану аясын кеңейту және мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін Ажинурова А.Қ. мен Ибраимқұлова Н.Т. Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан тарихы бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына оқушылар қатысты. 

Тарих пәнінен қатысқан оқушылар туралы мәлімет

Аты-жөні

Сыныбы 

Жинаған балы

Нәтижесі 

1-кезең

2-кезең

Аудан 

Облыс 

Республика 

1

Аят Әліпбекұлы

9«Ә»

39

37

І орын

І орын

І дәрежелі диплом

2

Марғұлан Сағат

11«Ә»

33

19

І орын

ІІІ орын


Пән мұғалімі Ниетбаева К.Б. 

Химия, биология, география пәндері бойынша оқушылардың жетістіктері

«Человек и Природа» халықаралық  жаратылыстану жарысы


Оқушының аты жөні

Сыныбы

нәтиже

Пән мұғалімі

1

Абынғазы Мейіржан Талапкерұлы

9 «А»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

2

Нұртілеу Зейнеп Жұмабайқызы

9«А»

1 орын

Тишибаева Гулжаухар Сагитовна

3

Байжұма Меруерт Батырғалиқызы

9«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

4

Нұрмухамет Диана Серікұызы

9«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

5

Нұрғыса Аружан Ерланқызы

8 «А»

1 орын

Султанаева Рауан Дарханқызы

6

Мухаметқали Аслан Мұратұлы

8 «А»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

7

Бетимбетов Мадияр Тілеубердіұлы

7 «Ә»

1 орын

Султанаева Рауан Дарханқызы

8

Тау- Тесер Аяжан Ерлікқызы

7 «Ә»

1 орын

Султанаева Рауан Дарханқызы

9

Дәукен Алтынай Әсетқызы

7 «Ә»

1 орын

Султанаева Рауан Дарханқызы

10

Нұрәділ Даниял Берікұлы

7  «Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

11

Барат Әділет Даулетұлы

7«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

12

Өміржан Жанерке Нұржанқызы

7«Б»

1 орын

Тишибаева Гулжаухар Сагитовна

13

Иманғазы Әлихан Оразқалиұлы

7«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

14

Мұқатжан Мирас Серікұлы

7«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

15

Нұртілеу Айзере Джумабайқызы

7«Б»

1 орын

Алаева Аида Абдуллаевна

16

Несіпқазы Мадина Елмуратқызы

6«А»

1 орын

Садыкова Жұлдыз Қалиқызы

17

Ақылбек Томирис Нұржұмақызы

6«Б»

1 орын

Садыкова Жұлдыз Қалиқызы

18

Қоджамбердиева Еркежан Ержанқызы

6«Б»

1 орын

Садыкова Жұлдыз Қалиқызы

19

Құсайын Меруерт Нұрымжанқызы

6«Б»

1 орын

Садыкова Жұлдыз Қалиқызы







Пән олимпиадасы

2022-2023 оқу жылының 11 қарашада 5-6 сыныптар,15- 17 қараша күндері   мектеп директорының №  бұйрығына сәйкес мектепішілік пән олимпиадасы  жоспарланып отыр. Тапсырмалар дайын. Бірлестік отырыстарында қаралды. 

Бүгінгі күні 8-сыныптарды " IQANAT- 2022"   жобасы аясындағы өтетін  пәндер   олимпиадасына оқушылар тіркелуде. 



Тәлімгер жұмысы

   Н.А. Исабекова  2022-2023 оқу жылының І тоқсанында тәлімгерлік жоспарына сәйкес жұмыстар атқарды. Жас маманмен төменде көрсетілген іс-шаралар атқарылды: 

-әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды;

-журнал толтыру туралы нұсқау берілді;

- қысқа мерзімді сабақ жоспарының жаңа үлгіде жазылуы көрсетілді;

- пән мұғаліміне қажет құжаттар жайлы түсінік берілді;

  -оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігі көрсетілді;

Жас маман Құдайбергенова Жадыра Нұрсапақызына сабақ жоспарларының үлгілері көрсетіліп, бағыт – бағдар берілді.









                  Пән мұғалімдерінің сапа және үлгерім көрсеткіштері

«Сапа – мүлдем кездейсоқтық емес. Бұл жоғарғы ақыл-ойдың нәтижесі» Джон Раскин айтқандай      Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде. Олай болса пән мұғалімдерінің сапа көрсеткішіне назар аударайық

2022-2023 оқу жылының 1 - тоқсан    қорытындысы бойынша білім сапасына салыстырмалы талдау есебі

 «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан. Бұл сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек.

2022-2023 оқу жылында   мектепте  34 сынып комплектісі жинақталған. 

1-тоқсанды 768 оқушымен бастадық, 770 оқушымен аяқтадық. 13 оқушы келді, 8 оқушы кетті.  1-тоқсанды 0-11  сыныптар арасында  770 оқушы, 353- қыз;  1-11   сыныптар арасында 710 оқушы, 353-і қыз баламен аяқтадық.  662 оқушы қазақ, 48 оқушы ұйғыр ұлтынан.  Даярлық сыныпта 60 оқушы бар.

Үйден оқитын 8 оқушы: 2 оқушы көмекші, 5 оқушы жалпы оқу бағдарламасымен1оқушы арнайы жалпы жеке бағдарламамен  оқытылады.

11 сыныпта 30 оқушы, «Алтын белгіге» үміткерлер 2 оқушы: 11 «А» Нұрмолда Жансая, 11 «Ә» Дәукен Нұрай, «Үздік» аттестатқа үміткерлер  2  оқушы: 11«А» сыныбынан : Ахметқалиева Алтынай, Жұман Үміт. 

9- сыныпта 68 оқушы.  «Үздік» аттестатқа үміткер оқушылар бесеу.  9 «А» сыныбынан: Мұқатжан Ұлбосын, 9 «Ә»  Әлім Шахризада, 9 «Б» - Байжұма Меруерт, Иманғазы Әсел, Нұрмұхамет Диана. 

2022-2023 оқу жылының 1- тоқсан бойынша білім сапасы 60,3%, қыздардың білім сапасы 77,9%-ды көрсетті,  былтырғы оқу жылының 4- тоқсан қорытындысымен салыстырғанда 3,7%-ға төмендегені байқалды.
 
        1-тоқсандағы  1-11 сыныптардың білім сапасының қорытындысы

Сынып

2

3

4

2-4

5

6

7

8

9

5-9

10

11

10-11

2-11

Барлық оқушы

71

75

69

215

85

68

67

74

68

362

32

30

62

639

Сапасы %

4-тоқсан


67

66

65,6

64

63

63

64

60

62

62,5

66

66

64

Сапасы %

1-тоқсан

67

66

60

64,3

55

60

58

57

55

57

62

56

60

60,3



Білім  сапасының  салыстырмалы көрсеткіші

Тоқсан

2021-2022 оқу жылы 

4- тоқсан

2022-2023 оқу жылы 

1- тоқсан

Оқушы саны

608

639

Үздіктер 

131

107

Озаттар 

258

278

Білім сапасы %

64

60,3












1- тоқсан пәндер бойынша білім сапасы


Пән

Қазақ тілі 

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі 

Ағылшын тілі 

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы 

География


4-тоқсан

72

73

73

71

69

70

73


1-тоқсан

72

73

70

69

63

60

65

 Пән 

Математика

Геометрия 

Физика 

Информатика 

Химия

Биология 


4-тоқсан

68

65

66

78

67

78


1-тоқсан

66

62

63

78

63

71




















 










Ұсыныс: 

Сынып жетекшілеріне:

1. Білім сапасы төмендеген  сыныптарда сынып жетекшілері мен пән мұғалімдер ата-аналармен байланысты күшейтіп, әр оқушының оқу үлгерімдеріне қадағалау жасалынсын;

 2.Білім нәтижесін көтеру жолдары қарастырылып, іске асырылсын.

Пән мұғалімдеріне: 

1.Оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа алып, білімді тексерудің алуан түрлерін қолдана отырып білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілсін. 

2. 60 %-дан төмен білім сапасын көрсеткен 4Ә, 5А, 5Ә,5 Б, 8А, 9Б  сыныптары мектепішілік бақылауға алынсын.

3.Пән бойынша төмен сапа көрсеткен 9Б ( физика, география)  ,5 А (математика)сыныптарға мектепішілік  зерделеу жүргізілсін. 

4.Сабақ үлгерімі көрсеткіші бойынша  әр оқушы әр сынып арасында жетістік мониторингін жүргізу және оқушылардың пәнге деген ынтасының   төмендеу себептерін анықтау мектеп психологтерінен сұралсын.

5.Үлгерімі төмен оқушыларымен жеке жұмыстар жүйелі жүргізілсін.

6. сабақ барысында тақырыптар бойынша оқу мақсаттарына жетуде қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, рефлексияның дұрыс жүргізілуі пән мұғалімдерінен талап етілсін

7.Әдістемелік бірлестік отырысында үнемі талданып нәтижелері қаралып отырсын.

8.Мектеп тренерлері, шығармашылық топ мүшелері педагогтерге КМЖ құрастыруда оқыту семинарларын ұйымдастырып,әдістемелік көмек көрсетсін.