Тәрбие екінші тоқсан қорытындысы пед кеңес » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Тәрбие екінші тоқсан қорытындысы пед кеңес
12
февраль
2023

Тәрбие екінші тоқсан қорытындысы пед кеңес

Жетісу облысы, Панфилов ауданы
«Кішішыған орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Орта білім беру ұйымдарына арналған 2022-2023 оқу жылындағы ІІ тоқсан тәрбие жұмысының қорытындысы












ДТІЖО Қ.Б.Тоқбаев
Ж.Қ.Садықова



2022-2023 оқу жылының 31 тамызда педагогикалық кеңестің шешімімен оқу-тәрбие жоспары бекітілді. 2022-2023 оқу жылы 65,5% қамтыды. Сынып комплект саны-33. І ауысым17 сынып, ІІ ауысым 16 сынып.
1-4 сыныпта 304 оқушы. 5-9сыныпта 331 оқушы.1-11 сыныпта 30 сынып 690 оқушы бар. 0-11 сыныптар 759 оқушы бар. Оқу жылының басында сынып жетекшілердің сапалық құрамы жасалынды. Осы бөлімде орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары қарастырылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП»жобасы аясында «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІҰЛТ БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді. 09.12.2022жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кішішыған орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы» тақырыбында мектеп директоры Дәулеткелді Мұхамерұлы Ашкеивтің басшылығымен аудандық семинар өтілді. Оқуға құштар жобасының мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. 09.12.2022ж күні өтілетін аудандық семинарға директордың тәірбиесі ісіжөніндегі орынбасарлары Қ.Б.Тоқбаевтың,Ж.Қ.Садықованың ұйымдастыруымен бағдарлама құрылып, жоспарланды. «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы барысында мектептің кіре берісіндегі стендті мектептің үздік оқушылары Даукен Нұрай, Тоқтасын Даниал, Нұрмолда Жансая үш тілде таныстырды. Мектептің акт залында семинардың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында оқушылар тақпақтар оқып, мектеп директоры Д.М.Ашкиевке алғашқы құттықтау сөз берілді.Семинардакелген қонақтарға жағымлы көңіл –күй сыйлау үшін педагог-психологтар А.Қ.Ченарбекова, Ж.Т.Нұрпейісова, А.А.Дюсенова тренингұйымдастырды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 сыныптар арасында бастауыш пәнінің мұғалімі Е.Д.Азимбаева «Оқы, ізден, талпын» атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Мектеп оқушысының кітап оқу іс- әрекетін дамыту, Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады.Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерлеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп»жобасының үлесі маңызды болмақ.Мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойына азаматтық, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Сайысты бастауыш сынып мұғалімі Азимбаева Динара Ерсаинқызы жүргізді. Сайыста түрлі білім беру платформаларын пайдалана отырып жүргізілді. Сайыстың бірінші «Жарнама» кезеңінде оқушылар өздері оқыған кітаптарын жарнама жасап алған әсерлері мен бөлісті. Екінші кезеңі «Керемет сәт» деп аталды. Бұл кезеңде оқушылар ұяшық таңдай отырып сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезең «Жүйрік болсаң озып көр» деп аталды. Бұл кезеңде 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасына жауап беріп, жауаптары ZipGreide платформасы арқылы нәтижесі бірден шығарылып отырды. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында қатысушылар «Ертегілер әлеміне саяхат» бөлімінде оқушыларға өз ойларынан ертегі құрастырып, қуыршақ театры қойылымын көрсетті..Аудандық семинарда «Заңғар»қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі «Мен де оқыдым,сен де оқы!» атты кітап жарнамасын өткізді.Бұл шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы ,Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып таныстырды. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша жарнама жасады.Сонымен қатар, бес арыстың өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шараның соңында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдеби кітаптар тарту етілді.
«Достық» ағылшын тілі пән бірлестігі аудандық семинарда «Ағылшын әдебиеті әлемінде» тақырыбында танымдық сағат өтті.Мақсаты: шетел әдебиетінің жауһарлары және қазіргі заманғы ақын жазушылардың еңбегімен таныстыра отырып, оқу- мәдениеті арқылы өзін- өзі жетілдіру, тәрбиелеу жолындағы дағдылары мен әлемдік құндылықтар құзіреттілігін қалыптастыру.Танымдық сағат жақсы көңіл күй қалыптастыру мақсатында «Good wishes» жақсы тілектер таңдап алудан басталды. Танымдық сағатқа жоғарғы, орта, төменгі сынып оқушылары қатысты. 11 «Ә» сынып оқушысы Дәукен Нұрай ағылшын әдебиетінің жауһарлары және олардың шығармаларымен таныстырып өтті. Екінші кезеңде 9 сынып оқушылары Нұрдәулет Нұржан, Нұрмұхамет Диана, Ақсана, 8 сынып оқушылары Ниетбай Біржан, Серікқызы Шұғыла, Айша, 7 сынып оқушылары Өміржан Жанерке, Нуршидинова Альмина ағылшын жазушыларының өздері оқып шыққан шығармаларын мазмұндап, өзгелерге оқуға ұсыныс айтты.Келесі кезеңде Шекспир шығармаларының кейіпкерлері шеруі өтті. Оның «Ромео мен Джульетта», «Гамлет», «Король Лир» кейіпкерлерін 11 сынып оқушылары сомдады. Сахналық көріністе ағылшын тілінде үзінді оқылды. Соңғы кезеңде 2-4 сынып оқушылары «Aline-Caterpillar» ертегісін қойды. Танымдық сағатқа қатысып отырған қонақтар арасында «Кім тапқыр» сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді..Аудандық семинарда мектеп кітапханашылары МукашеваБ. Әбдіманапова А. және ауылдық кітапханашысымен Қалиева Г.«Оқы және өзгеге ұсын!» атты кітап таныстырылым өткізді.Бұл шараға 4-5-6-7-8 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын мазмұндап, оқыған кітаптарын бір- біріне оқуға кеңес берді. Тарих пәнінің мұғалімі Анадуллаева Луиза Муратовна «Бұл палата: Ғаламтор кітапты алмастыра алады деп есептейді» дебат өткізді. Өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтылық құндылықтарын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және өз ой-пікірлерін еркін айтуға тәрбиелеу; Орыс тілі мен әдебиеті «ФИЛОЛОГ»пән бірлестігі«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында өткізілген аудандық семинарда : «В мире сказок»тақырыбында танымдық сағат өтті.
Мақсаты:Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Танымдық сағат барысында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Илипова Алмагул Бейсенгалиевна «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Мектеп қабырғасында әр түрлі үйірмелер жұмыс атқарып жатқанын атап кетті.11 А сынып оқушысы Жұман Унзила «Оқуға құштар мектеп» жобасы тақырыбында баяндама оқыды. 11 А сынып оқушысы Нурмолда Жансая орыс халқының атақты жазушысы А.С.Пушкиннің «Сказка о рыбаке и рыбке» шығармасына өзі жасаған буктрейлерді қорғап шықты. «Репка» орыс халық ертегісіне бастауыш сынып оқушыларымен сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар Филолог бірлестігі «Қуыршақ театры» жұмысын көрсетті. «Курочка Ряба»орыс халық ертегісін 4-7сынып оқушылары Барат Әділет, Акимбекова Медина, Нұрболат Нұрәли ойнап шықты.Театрландырылған қойылымдар арқылы біз кішкентай көрермен мен кітап пен кітапхана арасында байланыс орнатамыз. Қуыршақтар - сүйікті кітаптардың анимациялық кейіпкерлері. Балалар оларды жақсы көреді, сенеді және олармен қайта-қайта кездескісі келеді. Семинарға аудан мектептерінен 30дан аса директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары тәжірибе алмасу үшін келді.



https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0KtLzaqkVuci9rpB1iAFGsZRGQ4B5d8wRB4UCZrm18AJeKnf8jgLZ6DHmBxGJeBgkl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02GRqPikoDq2vW2T1zLU1e4jJuVBSr4MWyFGgNbE3D6XDNejYQDxnWn7NhPtbdnAopl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://www.facebook.com/100046611454467/posts/pfbid0FZbj6kX4DJBBs1en5E2wwtZNwbvue91wRJexEqkwqGxVFhb1cYeAgqSKCVBQUxqsl/?d=n&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NnXadj9GAbFZmYwzRJh7ACnNLGoXcPd88NnUeZwpDZN2sYSLRrZqJAL4v1QNF19Al&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0v3XVUg37JRTcjiKesotFqdcoBgvJRQGEB747EudFQxeMvuSxr45jEDaSEAMuY87kl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xL7AmUeQW5ZCKfpgk7be2RTuETJMX9UY3avVG4GRPg77hoqNTxYbvo4zNWiPrEQ8l&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02vjAiXnU32XQt9ZNXHKooyu568n5eEzh72d6pnZtimcztj8JpEWLFruVaCbZUh3i1l&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0uXbu9ubm6B1NGLXWAeAdvDubA1YeuJ22xh3W1YjvD96kJtin35Jd6RH1nwripThPl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ:
2022/2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес мектеп директоры Д.М.Ашкиевтің басшылығымен Тоқбай Теңізбайтегі Исабековтың 90 жылдығына орай іс шара жоспары жасалынып,бекітілді.Жоспарға сәйкес 30.11 күні “Жұртым сүйіп оқыса жырларымды,онда менің мәңгілік өлмегенім”тақырыбында әдеби сазды кеш өткізілді.Әдеби сазды кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Тоқбай Исабековтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Т.Исабековтің өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Мектеп директоры жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқтатылып,іс шараға белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.Әдеби сазды кештің ақынның өлеңдері оқылып,ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.
Кеш соңында ҚР білім беру ісінің үздігі,ҚР мәдениет саласының үздігі, құрметті қонағы жазушының қызы Алмагүл Тоқбайқызына сөз берілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0SqDokUy6fbEw3ho8F6fv86eXgkUv2ZGzwP69AeQpWhWoM6T755kuvUVJERoi5DYgl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
25.11 күні ақын,сазгер, драматург ұлағатты ұстаз Тоқбай Исабековтің 90 жылдығына орай мектеп кітапханасында 8-9-10сыныптар арасында "Тоқбайдың тоғыз қыры"атты оқырмандар конференциясы өтілді.
Конференцияға: мектебіміздің директоры Әшкеев Дәулеткелді Мұхамерұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқбаев Қашқынбай Бейсенұлы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балғабекова Рая Тілебалдықызы қатысып өздерінің ой пікірлерімен бөлісті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02pU3YhuyQCa2EcevvetYqgFtQjHGLURk9mLmFyeKV384RT6wfYxSQfggoSsFK2tynl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
24.11күні ақын,сазгер,ұлағатты ұстаз Тоқбай Исабековтің 90 жылдығына орай іс шара жоспарына сәйкес 5-11 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Байқауға 5-11сыныптардан 70 оқушы қатысты.Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылар марапатталып,жүлделі орындарға ие болды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02XJGTjDwTASWR56y5mWBXrG6c1JQWoLyUjwmqjC529jmtvh1RZbwn4hBpbMwmFapGl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
Тоқбай Теңізбайтегінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында " Мен елімді жырлаймын" тақырыбында А.А.Кальшаева 3"б"сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатында оқушылар ақын, жазушы, сазгер, журналист, драматург, ұстаз сынды сан түрлі өнер бір бойынан табылған дарынды жерлестері Тоқбай Теңізбайтегінің өмірбаяны, шығармашылығымен танысты. Кішішыған ауылындағы мектептің іргетасын қалап, ұстаздық қызметпен бірге нағыз қоғам қайраткері бола білген.
Бейсенбай Аяла "ОҚУҒА ҚҰШТАР ЖОБАСЫ АЯСЫНДА" ақынның "Мен елімді жырлаймын" және "Тоқбайдың тоғыз қыры" ұжымдық жинақ кітаптарымен танысып,сыныптастарына баяндама жасады. Оқушылар тоғыз қырлы Тоқбай ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сонымен қатар Тоқбай Исабекұлының сөзіне жазылған әндермен танысты.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02R1PvLsjKeC6ZYx6aanGaqStxJAPnrHw3CGajsCSCp6Dww1pbNfzfE4dSvNN1FDgXl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
2022/2023 оқу жылының тәрбие жоспарына мектеп директоры Д.М.Ашкиевтің басшылығымен сәйкес теолог маман Қоныспаев Жомартұлымен жәнеҮлкеншыған округінің бас маманы Сүлейменова Гульнар Дауыстаева,Сламжанова Балауса Төлегенқызымен 9АӘБ сынып оқушыларымен кездесу өтті,Оқушыларға дін деген не?Діни ағымдар? және тб тақырыптар қозғалды,оқушылар өз көкейлерінде жүрген сауалды қойып,пікір алмасты.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid09mZSD9CXctMTPTecsbWTw5UPwAho9ic6jXthZ2qVytTCaYi445hWesiebDRiAxbvl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa

Тоқбай Теңізбайтегінің 90 жылдықмерейтойықарсаңында " Теңеуінтабабілгенөлеңжырдың" тақырыбындаҒалияБатырқанқызы 7ә сыныпоқушыларыменсыныпсағатынөткізді.
Сыныпсағатындаоқушыларақын, жазушы, сазгер, журналист, драматург, ұстазсынды сан түрліөнербірбойынантабылғандарындыжерлестері ТоқбайТеңізбайтегініңөмірбаяны, шығармашылығыментанысты. Кішішығанауылындағымектептіңіргетасынқалап, ұстаздыққызметпенбіргенағызқоғамқайраткері бола білген.
ҒалияБатырқанқызыоқушылардыақынның "Мен елімдіжырлаймын" және "Тоқбайдыңтоғызқыры" ұжымдықжинақкітаптарыментаныстырды. Еліміздіңбелгіліақын -жазушыларыныңТоғызқырлыТоқбайақынтуралыайтқанпікірлері, шәкірттерініңарнауларыноқыды. ТоқбайақынныңЖазиралыЖаркентөңірінеарнапжазған "Жаркентвальсі" әнінбелгілі эстрада жұлдызыСерікболСайлаубектіңорындауындатыңдап, бейнеклиптамашалады. Құрбан Диана, Авен Сымбат, ҚанапияТілек, Тау-тесерАяжан, Даукен Алтынай, ЕстемесМөлдірақынөлеңдерінмәнерлепжатқаоқыды. СыныпжетекшісішәкірттерінеТоқбайТеңізбайтегіҚазақстанЖазушылародағы мен Журналистеродағыныңмүшесі, Қазақстаноқу-ағартуісініңҮздікқызметкері, Панфилов ауданыныңҚұрметтіазаматыекенінайтып, елі мен жерінсүйгенасылтұлғаесімінардақтау, артынақалдырғанруханимұрасындәріптеупарызымыздеді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02BF523NcoGCccycBCixCv2uG9aCTC12j8xvhaoEH5pwFHnFengQVHTC9PD6gEW7ydl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
КішішығанауылдықмәдениетүйіндежерлесімізақынТоқбайИсабековтің "Мен елімдісүйемін" аттыпоэзиялықкешіөтті.КештіауылдықкітапханашыКалиеваГүлбақытКішішыған орта мектебінің 2"А" сыныпоқушылары мен сыныпжетекшісіАғыбаеваАйгерімҚуандыққызыныңқатысуыменөткізді.Кештеоқушыларақынныңөлеңдеріноқып,әнайтып би биледі.КешкеТоқбайатамыздың жары Рысханапай мен ұлыАйқынТоқбайұлықатысып,оқушыларменақынныңестеліктеріменбөлісіп, әңгімелесті .Оқушыларақынныңөміріментанысып,молмәліметалды. Кеш жоғарыдеңгейдеөтті

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0djDmUZFxyheDsvTQ5qyR6qfnvmX97CvNDauCMQe7dnPkzjJhzNM6Rf2QmZrWv6Kzl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
”Әр баланың құқығы бар” тақырыбында бейнелеу пәнінің мұғалімі Тауырбаев А. оқушыларға сурет салдырды. Сурет салу барысында ерекше шығармашылығымен көзге түскен оқушылар Мукаев Батыр 5 а 1 орын. Талимжанов Санжар 6 ә 2 орын. Әбдіманап Біржан 7 б 3 орын алды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid032gbmn4LHJQAbGXUezFN4G6gzT8ZJu1LoanZ3oMNXjyM4Wgj3TDt1QAq9Rpn14JUhl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
2022-2023 оқу жылындағы 7 "Б"сынып жетекшісі А.А.Ахатаевадан

Анықтама
Тақырыбы: «Бала құқығы ең бастысы» тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
16 қараша күні 7 б сыныбымен «Бала құқығы ең бастысы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Баланың өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gxJAkWDjr1sJXvPoGwNREFeha3TfeQbV7NnDGvUiBxm9BRWhdjDG3nsdGb7HTGd6l&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
2022- 2023 ж оқу жылында әр аптаның дүйсенбі күні апталық қорытынды шығарылып, лездеме өткізіліп, жүлделі орын алған оқушылар марапатталып отырды.
11.11.2022 жылы мектеп кітапханасында «Өз құқығыңды біліп,өзіңді қорға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты : Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттілігі туралы, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Кітапханашы Б.Мукашева оқушыларды кітап көрмесіне жинақталған адам құқықтары туралы ақпарттармен таныстырып, «Бала құқығы туралы конвенция»туралы шағын мәлімет айтып өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02N9WHs2HfSztKPtPMLVWjGPj6vEz4vqgMxVGKpaJnL5QYjqnM12DrAh2fXrMRibv2l&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
8-20 қараша арасында “Бала құқығы адам құқығы” онкүндік аясында Алпыспаева Тоғжан Ыдырысқызы “Бала құқығы туралы конвенция” тақырыбында сынып сағатын өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02hQ536LLYwUA1qUgzgPaPpU5dYdLyE5g1o7rwdhukgNr48Ze8Tsk7VDeaPj3Mn25kl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
14қараша күні 2"А" сыныбында "Құқық сабақтары-өмір сабақтары" тақырыбында сынып сағаты өтілді .
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту.Әр адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.
Сынып сағатында "Миға шабуыл" әдісі бойынша адам құқығы туралы білетіндерін әңгімеледі . Сұрақ-жауап арқылы,адам құқығы,бала құқығы туралы мәлімет берілді Суретпен жұмыс жүргізілді .Сабақ соңында "Мақалдың жалғасын табу"ойыны арқылы оқушылар құқық, тәрбие туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,толықтырды.Оқушылар құқық туралы толық мағлұмат алды .
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02VFfWZtf77iYZb3UHFUvKuehqaAmpW2VaS1gHmewPRav3iG4BYWiZyb72kHkvMUswl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес өткізілген 5-11 сыныптар алынған сауалнама қорытынды анықтамасы
15 қараша 2022жылы 5-11 сыныптардан «Зорлық зомбылықсыз -балалық шақ» акция бойыншасауалнама алынды. Сауалнамада 15 сұрақ қамтылды.Сауалнама оқушылардың спорттық үйірмеқатысасыңба? Мектептің асханасында тамақтанасың ба?Бос уақытыңды қалай өткізесің?Сабақта жиі қалуыңның себебі неде? Мектепте сенің құқығың сақталама? Мектепте өзіңді қауіпсіз санайсың ба? деген сұрақтар қамтылады.
Қатысқан сынып:
10 «А»-17 оқушы.
5 «А»-27 оқушы,
7 «Б»-23,
8 «Б»--26,
8 «ә»24,
7 ә»21,
11 «а»14,
6 «ә» 23 сыныптардан алынды.Сауалнаманың қорытындысы шығарылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02M3581SzdiJD3c13ZAberLpdBGAUUVu96WBnQBUrPxU6tSVtsUbnHjGNSjzPeaR8wl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
16.11.2022 жолда жүру ережесі туралы бейнеролик түсірді.Бейнероликте 7б сынып жетекшісі Ахатаева А.Б өз оқушыларына жолда жүру ережелерімен,жаяу жүргінші ережесімен таныстырды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02kpqFoBxNa6fSNjvrCWvnpa1vG7CvB3uRoMMTspnTFqKAXKaNgunTLv4rv69u56BYl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
«Балалар жылына» орай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сейсможаттығу өткізілді. Сейсможаттығу барысында 1-11сынып ошушылары және мұғалімдер түгел қауіпсіз алаңға шығарылды. АӘТД пәні мұғалімі Е. Т. Утегенов қауіпсіздік ережесі және алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid04JCGLxJMwMt36yi6DxGpgehCodr7xps6eW3n4qmNXk7KEJsyZ1PCbhXeHkDVM1vel&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
0.10 күні Тақырыбы: Өнеріміз саған , Қазақстан тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті.Патриоттық әндер байқауында Тәуелсіз Қазақтың қызымын, Отан, Қсзақтың ұлымын, Қазақстан, Дүр қамшы, Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген т. Б әндер шырқалды. Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын Бейсенғали Жанерке 6ә
2 орын Конакбай Аңсар
2орын Тәлімжанов Санжар
2 орын Аркенов Алим
3 орын Тұрлығазы Нұрай
3орын Уразымбек Көркем
2 орын Мерейұлы Сағынтай
3 орын Несіпқазы Мадина марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NrZwoE4vWqtyxkYXGEC784q8AXXj6yFzFp61MazQhCFdbTYJhwzFEiwnspTStUWCl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa

25 қазан жоспарға сәйкес 3 ә сынып жетекшісі А.Қалшаева “Менің Отаным Қазақстан” тақырыбында бейнеролик жасады сонымен қатар сыныа сағатын өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02FQKG6JU3sH1HmG2KLcK6dUQFR3ji7VpT6gbat7BmokqPQtcDZeCzP2tU4aMk5tSgl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
25-қазан Республика күніне орай мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы А.Б.Илипованың басшылығымен іс шара жоспары жасалынып,бекітілді.Жоспарға сәйкес бейнелеу және көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мектеп фойесіне оқушылардың шығармашылық жұмыстарыннан көрме қойды.
https://www.facebook.com/100046611454467/posts/pfbid02Ld9xcJM6ErPTSi9HCumFdviNN9NrZnWK3PbSw3kKcqXh9jb83RDmybr8uUbzTqCrl/?d=w&mibextid=qC1gEa
25-қазан Республика күніне орай 7/11 сынып оқушылары арасында мектептің алаңында оқушылармен бейнеролик түсірілілді.
#панфиловбілімбөлімі
#жетісуоблысыбілімбасқармасы
#республикакүні

https://www.facebook.com/100046611454467/posts/pfbid02NWoTWYTiUuU1mukayN9Nru5XK8RKJTCc4CNVwLKpricYm997xDS8vaLRBuRhMzfcl/?mibextid=cr9u03
25-қазан Республика күніне орай мектеп директорның міндетін атқарушы А.Б.Илипованың басшылығымен іс шара жоспары жасалынып,бекітілді.Жоспарға сәйкес 20 қазан күні 3сыныптар арасында “Арлан”бірлестінің ұйымдастыруымен арқан тартыс,асық ойнау тб ойындар ұйымдастырылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0x354V6YfWo5kYHVVyoP3C63kj2fSMSsSp9cLDWH31tSM6CdvpJxDoz8RQpAw2TSXl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
25-қазан Республика күніне орай мектеп директорның міндетін атқарушы А.Б.Илипованың басшылығымен іс шара жоспары жасалынып,бекітілді.Жоспарға сәйкес 21қазан күні таңғы 08.00 сапқа тұрғызылып, салтанатты лездеме болды.Лездемеде оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.Сонымен қатар 25 қазан күніне орай оқушылар өлең,тақпақтарын оқыды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xXuG7NA4mPNNSATHY7vr75WjCk2FwPvabH4uEWWrVSqWjNiK6beNBkwA8hpuyctel&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa

«Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
25 қазан Республика күніне орай «Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2-11 сынып оқушыларынан «Қыран елім-Қазақстаным» тақырыбында диктант алынды.
Мақсаты:
• Мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру,қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту;
• Отанын туған елін сүюге тәрбиелеу;
• Мемлекет құндылықтарын,рәміздерін құрметтеуге үйрету.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid034Af5zXRb1qxDGpE3K37C1TH9nQbAnhLgsoMBbdxcuiBrrvhYz1E3HR7QzTobc13Ul&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
АТА-АНА ЖИНАЛЫСЫНЫҢ
Кезектен тыс
Хаттамасы №1

Өткізілген күні: 18.10.2022ж
Қатысқандар: ата-аналар 101
Сынып жетекшілер:33
Өту формасы: дәстүрлі жиналыс
Орны: мектептің мәжіліс залы
Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарабалаева Р.А.
Мектеп директоры м.а. Илипова
Ата-аталар кеңесінің төрағасы: Қашқынбеков Н.Ж
Регламент: 45мин

(Мектеп психологтары : Ченарбекова А.Қ,Нұрпейсова Ж.Т жиналыс басталмай тұрып, ата-анаға «Көңілді жүрейік» тренинг ұйымдастырды, сонымен қатар «Балаңызға көңіл бөліңіз» тақырыбында ата-анаға жадынама үйлестірді.
Күн тәртібінде:

1.Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу бойынша атқарылған жұмыстар. (ДТІЖО Садықова Ж.Қ 10 мин.)
2. “Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі” Ата-аналар комитетінің төрағасы Н.Қашқынбеков (10мин)
4. Мектептің ішкі тәртіп ережесі. 2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы ДТІЖО Қ.Б.Тоқбаев (10 мин)
3.Ұсыныстар мен сұрақтар (15мин)

Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садықова Жұлдыз Қалиқызы сөз алып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мысалға: 2022-2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын-алу алу мақсатында 04.10 күні 7-11 сыныптардың қыздар жиналысы болды.Жиналыс барысында :Жыныстық тиіспеушілік бойынша қылмыстың алдын алу бойынша Панфилов АПҚ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы қатысты.Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы суицидтің алдын-алу шаралары бойынша Панфилов АПҚ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы түсіндірме жұмысын жүргізді. 12.09.2022ж Панфилов ауданы ІІБ кәмілетке толмағандардың ісі жөніндегі қызметкерлермен жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Д.М.Ашкиев қатысуымен және Панфилов АПҚ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция майоры Нұрахметов М.Е ,, полиция капитаны Емеркоджиев Е.Е,ДТІЖО Садықова Ж.Қ мектептің акт залында «7,8,9,10,11» сыныптарға 292 оқушыға жиналыс өткізілді.Жиналыста: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу\ АПҚ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны майоры Нұрахметов М.Е, полиция капитаны Емеркоджиев Е.Е сөз алып оқушыларға түсіндіру ақпараттық жұмысын жүргізді. .Мектептің ішкі тәртіп ережесі , Емеркоджиев Е. Оқушыларға мектеп формасы , мектептегі тәртіп туралы түсіндіру ақпараттық жұмысын жүргізді..Діни эстремизм мен терроризмнің алдын-алу . мектеп директоры Д.М.Ашкиев сөз алып,оқушыларға хабарлама айтқан болатын.Жиналыс өткізіліп, хаттама толтырылып,шешім шығарылғанын айтып өтті. 1қыркүйек күні 7-8 сынып оқушыларына "Анонимдік қоңырау және оның жауапкершілігі" тақырыбында түсінік жұмысы жүргізілгенін айтты. .Мақсаты: Оқушыларға анонимді қоңырау шалуға болсайтынын, әлеуметтік желіде смартфондар т. б. құрылғылар арқылы жалған ақпараттар таратудың қылмыс екенін түсіндіру.Нәтижесінде оқушылар жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын білді. 2022-2023 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып, мектеп директоры Д.М.Ашкиевтің басшылығымен 12 қыркүйек ”Отбасы күніне» орай 1-11 сынып жетекшілері “ Отбасы бақыт мекені” тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен танымдық сабақ өткенін хабарлады. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу бойынша жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табады деп өз сөзін аяқтады.Мектеп өмірі мен ата-аналарды байланыстыру, қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша ата-аналар комитетін сайлағандығын айтты. Ата-аналар комитеті әр сыныптың ата-аналары сайлады. Мектептің кіре берісінде сол жақ бұрышында « Сенім жәшігі» орналасқанын және «Сенім» жәшігіне келіп түсетін хаттарды үнемі басты назарда ұстап, мектеп директорымен шешілетінін айтып өтті. Ата-аналарды мектеп өміріне белсене қатысып, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, ынтымақтастықта жұмыс істеуге щақырамын деп өз сөзін аяқтады. Екінші мәселе бойынша Ата-аналар комитетінің төрағасы Н.Қашқынбеков“Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі тақырыпта баяндама оқыды. Ол өз сөзінде 10 қазан күні Панфилов аудандық білім бөлімінің басшысы Қастеев Турархан Бақышұлының қатысуымен жиналысқа қатысқанын, және жиналыста біршама өзекті мәселелер айтылғанына тоқталды.Қазіргі таңда болып отырған әртүрлі қылмыстар, оқыс оқиғалар, ерте жүктіліктер ата-ананың балаға бірінші кезекте көңіл бөлмей жұмыс басты болып кеткендігін айтты. Панфилов ауданы прокуротурасының прокуроры 3 сыныпты заңгері Ахметов Айбол Болатұлының хабарламасын басты назарда ұстап, баланың қауіпсіздігіне ата-ана мен мектеп жауап беретінін ескертті. Сонымен қатар жасөспірімдердің арасында құқықтық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылатынын айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Қ.Б.Тоқбаев сөз алып Мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы айтып өтті. 2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы туралы айтып өтті. ДТІЖО мектеп формасына қатаң талаптар қойылатынын айтып өтті. Шалбар, юбка мен қара көк, қара жасыл, қара болуы керектігін, сондай-ақ киімнің үстіңгі бөлігі ашық түсті таңдағаны дұрыс деп айтты. Жаңа оқу жылында мектеп директоры, сынып жетекшімен бірлесе ата-аналарға келісім шарт жасалатынын айтты. Ол жерде оқушының және ата-ананың міндеттері және құқықтары жазылған. Мектеп оқушыларына мектепке телефон ұстап келуге тиым салынатынын және телефон алып келіп, жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауап бермейтінін айтып өтті.
Төртінші мәселе бойынша жиналысқа қатысып отырған ата-аналардың ұсыныстар мен сұрақтары қаралды. Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарабалаева Райгүл Ахметқалиқызы сөз алып Мектепте ата-ана мен мұғалім арасында кикілжің орын алса, мектеп психологтарына және мектеп әкімшілігіне жүгінуге болатынын айтты. Ата-анаға бала тәрбиесінде көңіл бөліп , мектептегі логопед, психолог, дефектолог мамандары жұмыс жасайды,балаңыздың психологиялық көмек керек болса әрқашан көмекке психолог мамандарына жүгінуге болатынын айтты. Ата- ана тарапынан қандай да бір өтініштер мен сауалдар келіп түсетін болса, ол сауалдарға және ұсынымдарға мектеп әкімшілігі жауап беруге міндетті екендігін жеткізді. Мемлекет есебінен берілетін ыстық тамаққа оқушылардың әлеуметтік статусы басты назарға алынып, комисия мүшелерімен шешілетінін жеткізді. ЖББ қорынан берілетін тегін киімдерде отбасының тұрмыстық статуысына және әлеуметтік жағдайына байланысты берілетінін жеткізді. Ең бірінші кезекте ЖББ қорынан берілетін киімдер мен ыстық тамаққа тұл жетім оқушыларға көмек берілетінін айтты. Мемлекет тарапынан әрқашан көмектер беріліп отырғанын және әрқашан әлеуметтік стутусты отбасыларға әрқашан көмек көрсетіліп отырғанын жеткізді
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02HRiVAwAg2SsF47f89PNj7kxbpCUpgpLARRj4DWM8fiwLTUd2LXSm5xPzfto6K7STl&id=100046611454467&mibextid=qC1gEa
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. 14 желтоқсан күні мектебіміздің 95 оқушысы «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды, 45-і «Жас ұлан», 50-сі «Жас қыран» қатарына өтті. Галстук пен төс белгілерін мектебіміздің директоры Дәулеткелді Мұхамерұлы , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қашқынбай Бейсенұлы , мектеп президенті, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен жас ұлан мүшелері және ұстаздары тақты.


педагог ұйымдастырушы Садықова Іңкәр Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31-жылдық мерейтойына орай 15.12.2022 күні «Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Желтоқсан көтерілісінің куәгері Қымызбеков Мұрат Әмірғазыұлын шақырып оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабамыздың ерлігі мен қайсарлығын, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін паш етті. Өзін-өзі басқару ұйымы Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын оқып, Мұрат Әмірғазыұлына оқушылар сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мәліметтер алды. Мектеп директоры Д.М. Ашкиев Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Жаңа жыл мерекесіне орай іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді.Жоспарға сәйкес «Қош келдің Жаңа 2023-жыл» атты мектебіміздің 9,10,11 сынып оқушыларының қатысуымен 29.12.2022 күні мерекелік кеш өтті. Кеш барысында әр сыныптың дайындаған ән шашулар мен мың бұралған билер, сахналық көріністер қойылды. Мектебіміздің директоры Д.М. Ашкиев өзінің жылы лебізін білдірді.



Анықтама беруші: ДТІЖО Садықова Ж.Қ