Жандарбек Бегімбетовтің туғанына 60 жыл » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жандарбек Бегімбетовтің туғанына 60 жыл
03
март
2023

Жандарбек Бегімбетовтің туғанына 60 жыл

Жетісу облысы,Панфилов ауданы,”Кішішыған орта мектебі”КММ-де 2022-2023 оқу жылында оқу тәрбие жоспарына сәйкес 24 қаңтар мен 01наурыз аралығында алғыс айту күніне орай Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында”Ризашылық мейірімділік бұлағы”жалпыұлттық мәдениет жобаның мектепішілік іс шара жоспарына сәйкес  мектеп кітапханашылары Б.Мукашева мен А.Абдиманапованың ұйымдастыруымен Жаркенттің  айтулы ақыны,дүлдүл айтыскер,әнші-сазгер Жандарбек Бегімбетовтің туғанына 60 жыл толуына орай мектеп оқушыларына «Жаркенттің жарық жұлдызы»атты оқырмандар конференциясы мен кітап көрмесін өткізді.
Мақсаты:Оқушыларды  жарқ етіп жұлдыздай ағып өткен Кішішыған ауылынан шыққан айтыскер ақын,сазгер Жандарбек Бегімбетовтің шығармаларымен таныстыру.Ақынның артында қалған құнды мұраларын дәріптеу.
Б.Мукашева оқырмандар конференциясын 5-сыныптар арасында ұйымдастырды.5-сынып оқушылары Ж.Бегімбетовтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Сонымен қатар,айтыстарынан үзінділер тыңдалды.
Кітапханашы Б.Мукашева оқырмандар конференциясында «Жаркенттің жарық жұлдызы»тақырыбында баяндама оқыды.Баяндамада талантты ақын,дүлдүл айтыскер,сазгер Ж.Бегімбетовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.
Кітап көрмесінде Б.Мукашева білім алушыларға ақынның қысқа ғұмырында артта қалдырған мол мұралары,әсем әндері,айтыскерлігі жайлы әңгімеледі.Жандарбек Бегімбетов туралы қызықты деректер айтылып,ақын шығармаларын оқуға кеңес берілді